Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан кафесіндегі жарылыс: Тағы бір адам қайтыс болды

Опубликовано:

Жарылыс
Фото: ҚР ТЖМ

Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан кафелерінің бірінде болған жарылыстан кейін жансақтау бөліміне түскен 24 жастағы елорда тұрғыны қайтыс болды. Оқиға құрбандарының саны екіге дейін өсті.

Ер адамның қаза тапқаны туралы "Алматы" телеарнасы елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құзырлы мекеменің мәліметіне сәйкес, құтқарушылар жігітті үйінділердің арасынан алып шыққаннан кейін ол ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы өте ауыр болды - дәрігерлер оған ауыр ми жарақаты диагнозын қойды.

"Пациент бастапқыда қолайсыз болжаммен өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Науқаста бас миының соғылуы мен бас миының ауыр жарақаты болған. Ауруханаға түскен сәттен бастап № 2 көпбейінді қалалық аурухана мамандары мен ұлттық нейрохирургия мамандарымен қаралған. Барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан науқасты аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айгерім Ардаққызы.

Басқарма бұған дейін хабарлағанындай, тағы екі адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Қалған зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қарашада елорда кафелерінің бірінде жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 30-дан астам адам жарақат алып, олардың 23-і ауруханаға жатқызылды.

Кафеде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген 52 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Төтенше жағдайдың себептері анықталып жатыр - полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886177-nr-sltan-kafesindegi-zarylys-tagy-bir-adam-kajtys-boldy/

pixel