RU

ШҚО-да карантиндік шектеулердің мерзімі ұзартылды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері шектеу шараларын ұзарту туралы шешім қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тиісті қаулыға сәйкес, өңірде шектеу шаралары сегізінші желтоқсанға дейін өз күшінде болады.

"Шығыс-Қазақстан облысы бойынша экономикалық және (немесе) өзге де қызмет түрлері мен адам өмірі үшін ерекше жағдайлар бойынша шектеу шараларын 25 қарашаның 00.00-уақытынан 2020 жылғы 8 желтоқсаннның 00.00 уақытына дейін ұзартылсын.

Шектеу шараларының режимі мен уақыты аймақтағы коронавирус инфекциясының таралуы жағдайының өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін, делінген құжатта.

Осы ұзартылған уақыт аралығында Риддер қаласында, Глубоковский мен Алтай аудандарынан басқа елді-мекендердегі азық-түлік және азық-түлік емес базарларының ғимараттардың ішіндегі және сыртындағы саудасына дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін рұқсат етілетіні айтылған.

"Ал демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері олардың қызметіне тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Құжаттың толық мәтіні сілтемеде.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде тағы 678 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, республика бойынша қауіпті дертпен ауырғандар саны 126 860-ге жеткен.

Сондай-ақ өткен тәулікте 840 адам індеттен жазылып шыққан. Олардың дені Солтүстік Қазақстан облысында. Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 113 646.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздің тағы бір аймағы яғни Ақмола облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа енгенін хабарлаған едік.

Қазір "қызыл" аймақта 5 өңір: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы бар. Ал "сары" аймақта Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы тұр.

23 қарашада үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізіп, коронавируспен ауырғандар саны Қазақстанның барлық өңірінде өскенін атап өтті.

Осы орайда премьер-министр денсаулық сақтау, индустрия, ішкі істер, еңбек, білім, қорғаныс министрліктері мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886191-sko-da-karantindik-sekteulerdi-merzimi-zartyldy/