jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ала ма: Иммунолог жауап берді

    қолғап
    Көрнекі фото: www.firestock.ru

    С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн-брифинг барысында қысқы қолғаптың коронавирустан қорғауына қатысты пікірлерге жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Бұған дейін шетелдік мамандар осындай зерттеу нәтижесін жариялаған болатын.

    «Вирустың тұрмыстық заттардың үстінде ұзақ сақталатыны анықталды. Оның ішінде көлікте де вирус қалады. Егер адам қоғамдық көлікте қолданған қолғаппен мұрнын, бетін, маскасын ұстамаса, үйінің есігін ашпаса, онда вирус жұқпайды.
    Алайда, қол жуу - вирусты жұқтырмаудың ең тиімді тәсілі. Ал біз қолғапты жиі жумаймыз, ауыстырмаймыз. Қолғап қысқы ма, әлде күзгі ме - ол маңызды емес», - деді спикер.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін кей адамдардың жаурағыш болуының себебін ғалымдар зерттеген болатын.

    Қыстың басталуымен көптеген адамдар жылына алмай, әлекке түсіп жатады. Алайда, күн жылынса да тоңып жүретін жандар да баршылық.

    Британдық Ланкастер университетінің мамандары аяз болмаса да үнемі тоңып жүретін адамдардың денсаулығында кінәрат болуы мүмкін екенін анықтаған.

    Дененің орташа қалыпты температурасы 36,6 ℃, алайда 0,5 ℃ дейін қалыпты температурадан ауытқу болуы мүмкін және бұл ауырудың белгісі болып саналмайды.

    Сонымен қатар, ұзақ өмір сүру үшін күнделікті қанша уақыт ұйықтау керектігін жазған болатынбыз.

    Одан бөлек, адамдарда тәттіге әуестік не себепті пайда болатынын туралы да материал жарияланған еді.

    Қысқы қолғап коронавирустан қорғай ала ма: Иммунолог жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.