Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мырзағалиев: Жұрт болып жұмыла жұмыс істеп жатқанда, заңсыз ағаш кесу орынсыз

Жарияланған күні:

Мағзұм Мырзағалиев.
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: primeminister.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматыдағы ағаштарды кесу оқиғасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше біз Алматыда ағаштарды жабайылықпен кесу фактісіне куә болдық. Оқиғаның қоғам ашуын туғызуы орынды. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды!

Қазір еліміз бойынша атмосфералық ауаның ахуалын жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр, Экокодекс қабылданып, президент 2 млрд-тан астам ағаш егуге тапсырма берді.

Қауым болып жұмылып, бір мақсат жолында жұмыс істеп жатқанда, заңсыз ағаш кесу жағдайы тіптен орынсыз», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр биыл мемлекет басшысының тапсырмасымен ағаш кесуге қатысты жауапкершілікті арттыру бойынша Заңға өзгерістер енгізілгенін атап өтті.

«Оның ішінде, 1 ағаш кесілсе, орнына 10 ағаш егу өтемақысы енгізілді, айыппұл көлемі екі есе артты. Табиғи ресурстарымызға ұқыпты қарауға шақырамын. Бір ағаш жайқалып өсуі үшін ондаған жылдар керек. Келешегіміз біздің экологиялық мәдениетіміздің деңгейіне тікелей байланысты», - деді экология министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы тұрғындары қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Ағаштар Жароков пен Әуезов көшелерінің арасындағы Төле би көшесінің маңында кесілген. Желі қолданушылары ағаштың босап қалған орнын көрсетті.

Алматы қаласы жасыл экономика басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді. Анықталғандай, басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жағдайға назар аударған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886210-myrzagaliev-zrt-bolyp-zmyla-zmys-istep-zatkanda-zasyz-agas-kesu-orynsyz/