Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы төбелес: Ішкі істер министрлігі жауап берді

Опубликовано:

Төбелес
Фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Алматы халықаралық әуежайының барында сөзге келіп қалған адамдар төбелесіне қатысты тың деректер белгілі болды. Анықталғандай, бүгінде орын алған жағдайға қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталған. Оқиғаға қатысты толығырақ Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде Алматы әуежайында орын алған төбелестің видеосы тарап кетті. Орын алған оқиғаға қатысты бүгінде бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тексеріс басталды. Алматы-Ақтау рейсінің мас жолаушысы барменнің ескертуіне дөрекі жауап беріп, жанжал басталған. 

Оқиға 23 қараша күні Алматы әуежайының күту залында болды. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода жолаушы барда ұйықтап қалған. Бармен оятқан кезде ер адам ашуланып, жанжал шығарды. Ол бардың арғы жағына өтіп, төбелесе бастаған. Мұндайды күтпеген қызметкер қашуға мәжбүр болды.

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"Медициналық тексеріс кезінде жолаушының орташа дәрежеде мас екені анықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді полицияда.

Оған сәйкес, 2 мың АЕК, яғни 5 556 000 теңге айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. 

Қазіргі таңда, келеңсіз оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886218-almaty-uezajyndagy-tbeles-iski-ister-ministrligi-zauap-berdi/

pixel