Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев Алматыдағы ағаштың заңсыз кесілу ісін өз бақылауына алды

Опубликовано:

Алматыдағы кесілген ағаштардың орны
Фото: facebook.com/alexey.kurapov

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook парақшасында қаладағы ағаштардың заңсыз кесілуі оқиғасына пікір білдірді. Мегаполис басшысының сөзінше, ол жауаптыларды жазаға тарту мәселесін жеке бақылауына алған.

Сағынтаевтың жазуынша, қала әкімдігі ағашты кесуге рұқсат бермеген. Қазір қоршаған ортаға келтірілген шығын мөлшері есептелуде.

"Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы заңсыз ағаш кескені үшін ҚР ҚК 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады. Іс Алмалы ауданына қарасты ПБ-ның қарауына берілді. Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды", - деді әкім.

Сағынтаев сауда үйі маңын абаттандырған мердігерлердің анықталғанын атап өтті. Олардың бірі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда", - деді қала басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған еді.

Бүгін, 24 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Президент Бақытжан Сағынтаевқа тапсырма берді.

Кейінірек, Алматы прокуратурасы "Sulpak" дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағашты заңсыз кесуіне қатысты тексеруді бастағаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886233-sagyntaev-almatydagy-agasty-zasyz-kesilu-isin-z-bakylauyna-aldy/

pixel