RU

Алматы полициясында Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы қызмет етуде

Алматы ПД қызметкерлері
Видеодан кадр: polisia.kz

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы полициясы ерекше статистика жүргізді деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбековтың айтуынша, ведомствода Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы бар. Оның 11-і Тәуелсіздіктің төл құрдасы екен.

"Аталған полиция қызметкерлері өздерінің есімдерін мақтан тұтады, әрі өз қызметтеріне адал, кәсіби маман. Олар Отан алдындағы қызметін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етуде", – деп мәлімдеді Әбдуәли Нашарбеков.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық полиция басқармасында егіздердің үш бірдей жұбы қызмет ететінін жазған едік.

Айта кетейік, Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қарашаға дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, бұл шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886254-almaty-policiasynda-nrsltan-esimdi-41-trtip-saksysy-kyzmet-etude/