RU

Apple-дің топ-менеджері пара бермек болды деп айыпталуда

Apple менеджері
Фото: NDTV Gadgets 360

Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталуда деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара округі (Калифорния) прокурорының мәліметінде осылай делінген.

Мойер полиция басшысына жалпы құны 70 мың доллар болатын 200 iPad ұсынған. Ал адвокаттың айтуынша, топ-менеджер өзіне тағылған кінәні мойындамай, ақталып шығатынына сенімді.

Оның сөзіне қарағанда, гаджеттер шынымен де шерифке берілуі керек болған және қаруға да рұқсат сұралған. Бірақ бұл екі әрекетті байланыстыратын ештеңе жоқ, деп келтіреді қорғаушының сөзін CNBC. Сот отырысы 2021 жылдың қаңтарында өтеді. Мойер темір торға тоғытылуы да әбден мүмкін.

Айта кетейік, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары түрмеде отырғанын жасыру үшін еңбек демалысын алған.

Аталған жағдай Петропавлдағы этика жөніндегі кеңесте қаралды. Тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған ведомство бастығының орынбасары Асхат Бакеев жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы алу туралы шешім қабылдаған. Оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген.

Басылым ақпарынша, Бакеев ол уақытта Петропавл әкімдігінде жұмыс істеген, тәртіптік шаралардан жалтару үшін тез арада жұмыстан шығып кеткен. Ал бұл жолы шенеунік басқа жол таңдаған. 15 тәулікке қамалса да, 10 күнге еңбек демалысына өтініш жазған. Материалдарды қараған этика жөніндегі кеңес шенеунікті жұмыстан босатуды ұсынды. Енді шешімді басшылық қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886262-apple-di-top-menedzeri-para-bermek-boldy-dep-ajyptaluda/