Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Ноғаев Қашағанда мұнай өндіруді шектеудің себебін түсіндірді

Опубликовано:

қашаған
Фото: Энергетика министрлігі баспасөз қызметі

Қашағандағы мұнай өндіру көлемі ілеспе газды кәдеге жаратуға байланысты шектелетін болды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қашаған кен орнында өндірісті шектеудің негізгі себебі – ілеспе газды кәдеге жарату", – деді министр.

Осы мақсатта North Caspian Operating Company (NCOC) Атырау облысындағы "Болашақ" газ өңдеу зауытының жанынан қуаттылығы 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салу туралы инвесторлармен келісімге келді.

"Болашақта тараптар барлық көрсеткіштер бойынша келісімді мақұлдаған соң, оның қуаттылығын 5 миллиард текше метрге дейін ұлғайту жоспарланып отыр", – деп атап өтті Ноғаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде жұмыс белсенді жүргізілуде және келіссөздер аяқталуға жақын.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұрлан Ноғаев мемлекет басшысына болашақта Теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндаған болатын.

Бұл жобалар 2022 жылдың соңына дейін мұнай өндірісін 12 млн. тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай ақ президентке 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы соммасы 15 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар жүзеге асыру жоспарланғаны туралы ақпарат берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886272-ministr-nogaev-kasaganda-mnaj-ndirudi-sekteudi-sebebin-tsindirdi/

pixel