RU

Көктайғақ, қар, тұман: Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 25 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ауа райын болжаушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Сонымен қатар, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде қатты қар жауады деп болжануда. Өңірде тұман мен көктайғақтың болуы мүмкін екендігі айтылды.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі деп отыр. Күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жанбыр) болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оның күші кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Одан бөлек, мамандар мәліметінше, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Одан бөлек, ішкі істер министрлігі де жолдарда сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертті.

Министрліктің хабарлауынша, жүргізушілердің жылдамдық режимін, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтамауы - қыс мезгілінде орын алатын жол-көлік оқиғаларының басты себептері.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/1886281-kktajgak-kar-tman-sinoptikter-7-irde-eskertu-zarialady/