RU

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 адам тіркелді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Telegram арнасы.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 127 580 жетті. Оның ішінде:

Алматы қаласында - 15725(+43),

Нұр-Сұлтан қаласында -15685(+50),

Шығыс Қазақстан облысында - 15577 (+160),

Атырау облысында - 11557(+8),

Қарағанды облысында - 10990(+18),

Батыс Қазақстан облысында - 7834(+29),

Солтүстік Қазақстан облысында - 5836(+112),

Павлодар облысында - 5800(+112),

Алматы облысында - 5575(+22),

Шымкент қаласында -5334(+3),

Қостанай облысында - 4912(+66),

Ақмола облысында - 4761(+69),

Жамбыл облысында - 4352(+14),

Түркістан облысында - 3466(+5),

Ақтөбе облысында -3462(+6),

Маңғыстау облысында - 3428(+2),

Қызылорда облысында -3286(+1).

Айта кетейік, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы алматылықтардың есіне салды.

Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т.б. шектеу керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті" , - деді Битанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886302-tken-tulikte-kansa-adam-koronavirus-zktyrdy/