RU

Түркияда коронавирустан көз жұмғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Түркияда коронавирус инфекциясымен ауырған науқастар арасындағы тәуліктік өлім көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Соңғы тәулікте 153 адам қайтыс болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елде коронавирус пандемиясы екінші шыңына жетті. 22 қараша күні, елде пандемия басталғалы бергі уақыттағы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының ең жоғары көрсеткіші анықталды – 6 017 жағдай.

Түркия мемлекетінде COVID-19 жұқтырудың 6713 жаңа жағдайы тіркелді, жалпы жұқтырғандар саны – 453 535, қайтыс болғандар – 12 511 адам. 4 409 адамның ахуалы нашар деп бағалануда.

Еске салайық, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Telegram арнасы өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 адам тіркелгенін хабарлады.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 127 580 жетті.

Ал Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы алматылықтардың есіне салды.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т.б. шектеу керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті" , - деді Битанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886308-trkiada-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-rekordtyk-degejge-zetti/