RU

Алматыда көпірде аударылған BMW жүргізушісі ғажайып күшімен аман қалды

Жол апаты
Фото: SPUTNIK / СТРИНГЕР

Оңтүстік астанада BMW маркалы автокөлік көпірде аударылып, Үлкен Алматы су арнасына түсіп кете жаздады.

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласы Ангар көшесі аумағында болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шетелдік автокөлік жүргізушісі қатты бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан BMW бордюрге соғылып, металл қоршауды құлатып, көпірден ұшуға шақ қалған.

Ал көлікті басқарған азамат ғажайыптың күшімен аман қалды, зардап шеккен жоқ. Механикалық залалдан бөлек, көлік құралының жанармай құятын багы ұрылып, жанармай аққан. Сол себепті оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылған.

Айта кетейік, Ақмола облысында аудан әкімдігі бөлімінің жүргізушісі жетінші сынып оқушысын қағып кетті. Оқиға өткен жексенбіде болған, азамат қызметтік көлікпен келе жатқан. Оқиғаны Аршалы ауданы әкімдігі растады.

Жол апаты 22 қараша күні кешкі сағат 18:00 шамасында Ишимское және Аршалы ауылы арасындағы жолда болған. Аршалы ауданы әкімдігі құрылыс бөлімінің жүргізушісі Daewoo Nexia қызметтік көлігіме Ишимское ауылындағы үйіне қайтып келе жатқан.

Осы уақытта жолда үш жасөспірім жүрген, олардың ішінде жетінші сынып оқушысы да болған. Көлік жүргізушісі мектеп оқушысын қағып кетті. Жасөсіпірім алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ведомство жүргізушінің ішпегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 1993 жылы туған азамат ұсталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886314-almatyda-kpirde-audarylgan-bmw-zrgizusisi-gazajyp-ksimen-aman-kaldy-video/