Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитар дәрігер жетінші рет ауысты

Опубликовано:

Амантай Жұмағалиев
Фото: "Ақ Жайық" басылымы

Атырау облысында пандемия басталғалы жетінші бас санитар дәрігер тағайындалды.

Ол - бұрын осы лауазымды атқарған, қазір Атырау облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Одан бұрын осы лауазымды атқарған, тамызда сол кездегі әкім орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырған Асылбек Шаров өз өтініші бойынша туған Маңғыстау облысына оралды.

Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды. 20 қарашадан бастап ол оңтүстік астана санитарлық- эпидемиологиялық департамент басшысы орынбасары атанғанын хабарлаған едік.

Еске салсақ, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы қызметін Жандарбек Бекшин атқарады. Ол бұл қызметке сәуір айында келген.

Ал көліктегі бас санитар дәрігер болған Сәдуақас Байғабылов қызметке наурыз айында келген. Оған дейін Павлодар облысы бас санитар дәрігері болған. Осы жылдың шілде айында Байғабылов эпидемиологиялық жағдай ушыққан Атырау облысына бас санитар дәрігер болып тағайындалды. Ол бұл қызметте екі апта істеді, көп ұзамай көліктегі бас санитар дәрігер қызметіне оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886359-atyrau-oblysynda-pandemia-bastalgaly-bas-sanitar-driger-zetinsi-ret-auysty/

pixel