Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дариға Назарбаева мәжіліс сайлауына үміткер болды

Опубликовано:

Дариға Назарбаева
Дариға Назарбаева. Фото: Нұрсұлтан Назарбаев қорының баспасөз қызметі

Cенаттың экс-скипері Дариға Назарбаева Nur Otan атынан мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттардың тізіміне бекітілді. Партиялық тізімінде барлығы 126 адам бар. Олардың 77-сі праймериз нәтижелері бойынша анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған тізімде Дариға Назарбаевадан басқа Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан байбек, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин, вице-премьер Ералы Тұғжанов та бар.

Анықталғандай, сайлауға түсетін кандидаттардың жалпы тізімінде парламент мәжілісінің депутаттары - 20%, мембасқарма өкілдері – 13%, білім және денсаулық сақтау өкілдері – 12%, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері – 9% және өнеркәсіп саласы – 8%-ды алып отыр

Сондай-ақ, тізімдегілердің 28% –ы экономистер, 20% –ы заңгерлер болса, 17% – жеке кәсіпкерлер болып табылады. Сайлауға түсетін 21 кандидаттың ғылыми дәрежелері бар. Олардың арасында 10 дәрігер мен 11 ғылым кандидаты бар.

Тізімнің үштен бір бөлігін әйелдер қауымы құрады. Сайлауға түсушілердің орташа жасы 48-ге тең. Бұл өткен тізімге енген кандидаттардан төрт жасқа кем көрсеткіш болып табылады.

Айта кетейік, "Nur Otan" праймеризіне он мыңнан астам үміткер қатысты. Республикалық онлайн дауыс беруге 662 мыңнан астам адам немесе нұротандықтардың 84%-ы қатысты.

Нәтижесінде 6253 адам "Nur Otan"-ның түрлі деңгейлі 216 мәслихатының партиялық тізіміне енді.

Айта кетейік, бүгін 25 қараша күні Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886398-dariga-nazarbaeva-mzilis-sajlauyna-mitker-boldy/

pixel