Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы стипендия мен гранттар туралы жақсы жаңалықпен бөлісті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі. Ал 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 процентке артады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде студенттерге материалдық қолдау көрсету ісі жалғасын таба беретінін атап өтті.

Оның сөзінше, студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың  стипендиясы 1,5 есеге көбейеді.

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 пайызға артатыны белгілі болды.

"Бұл 75 мың студент жоғары білімді тегін алады деген сөз", - деді мемлекет басшысы. 

Одан бөлек, Тоқаевтың сөзінше, 2025 жылға қарай колледждер мен университеттер жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға артады. 

"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауы тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде екі озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады", - деді ел президенті.

Осыған дейін мемлекет басшысы арнаулы жәрдемақы кімдерге төленетінін айтқан болатын.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтанда Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының съезі басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886406-memleket-bassysy-stipendia-men-granttar-turaly-zaksy-zaalykpen-blisti/

pixel