RU

Елімізде өткен аптада коронавирустан 46 адам көз жұмған

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 16 және 22 қараша аралығында 45 адам қайтыс болған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында - 6, Алматы қаласында - 9, Шымкент қаласында - 1, Ақмола облысында - 3, Алматы облысында - 3, Атырау облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 8, Батыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Қостанай облысында - 2, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 2, Солтүстік Қазақстан облысында - 5 адам COVID-19-дан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі індет басталғалы бері Қазақстанда барлығы 1990 адам қауіпті дерттен көз жұмғанын мәлімдеді.

Ал өткен тәулікте елде коронавирус инфекциясын жұқтырған 720 адам тіркелген. Осылайша, республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 127 580 жеткен.

Айта кетейік, Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Эльмира Битанова коронавирустың алдын алу шараларын ұстанудың маңызы жайлы алматылықтардың есіне салды.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Дұрыс тамақтану әдетін ұстанған маңызды. Иммундық жүйеге жүк түсірудің қажеті жоқ, алкоголь тұтыну мен темекіні шектен тыс қолдануды, т.б. шектеу керек. Тек осындай жағдайда ғана иммундық жүйені қалыпты жағдайда ұстауға болады. Пандемия кезінде бұл мәселелер одан да айқын бола түсті" , - дейді Битанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886483-elimizde-tken-aptada-koronavirustan-46-adam-kz-zmgan/