Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында карантинде ұйымдастырылған кезекті той тоқтатылды

Опубликовано:

Каратиндегі той
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері карантиндегі кезекті тойды тоқтатты деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері мен Мақтаарал ауданы әкімдігі бірлесіп, карантин талаптарын сақтау іс-шарасы бойынша рейдтік шаралар жүргізуде. Кезекті рейдтік іс-шара кезінде мобильдік топ мүшелері аудан аумағында тамақтану орындарында, сауда үйлерінде, азық-түлік дүкендерінде санитарлық талаптар мен бетперделік режимінің сақталуын қадағалауда.

Осы тұста карантин талаптарына немқұрайлы қарап, санитарлық нормаларды бұзған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттама толтырылды. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында карантин талабын орындамаған 270 азамат анықталған. Олардың басым көпшілігі белгіленген уақыттан кейін де жұмыс жасап тұрған дүкен мен ойынхана және тойхана иелері.

Мысалы, учаскелік полиция инспекторы сағат 13:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Атакент ауылының көшелерінде орналасқан тойханалардың бірінде той жасалып жатқандығын анықтады. Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне және тойхананың әкімшілік қызметкеріне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша хаттама толтырылған.

Мақтаарал аудандық полицейлері Covid-19 коронавирустық инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда. Мобильдік топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындарының, дүкендер мен базарлардың иелерімен, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде және көшелерде карантин мен өзін-өзі оқшаулау режимінің сақталуын тексеруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886494-trkistan-oblysynda-karantinde-jymdastyrylgan-kezekti-toj-toktatyldy/

pixel