RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Дәрігер
Көрнекі сурет: РИА Новости

Қазақстандағы коронавирус бойынша 25 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты ресми деректерді coronavirus2020.kz сайты жария етті.

Қазақстанда өткен тәулікте 820 адамда коронавирус дерті ПТР тесті арқылы расталып, вирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша дертті жұқтырғандардың саны:

Нұр-Сұлтан қаласы - 77

Алматы қаласы - 77

Шымкент қаласы - 11

Ақмола облысы - 75

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 30

Атырау облысы - 14

Шығыс Қазақстан облысы - 164

Жамбыл облысы - 14

Батыс Қазақстан облысы - 37

Қарағанды облысы - 19

Қостанай облысы - 63

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 110

Солтүстік Қазақстан облысы - 114

Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 128400 адамды құрап отыр.

Ал 474 адам коронавирустан емделіп шыққаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша жазылғандар саны:

Ақмола облысы - 15

Ақтөбе облысы - 2

Алматы облысы - 9

Атырау облысы - 2

Шығыс Қазақстан облысы - 98

Батыс Қазақстан облысы - 4

Қарағанды облысы - 15

Қостанай облысы - 23

Павлодар облысы - 73

Солтүстік Қазақстан облысы - 229

Түркістан облысы - 4

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 114 821.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан республикасы COVID-19 жұқтыру бойынша қауіпті аймаққа жақындап қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен ұшып келген Ресей азаматы депортацияланғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886528-tken-tulikte-elimizde-820-adam-koronavirus-zktyryp-aldy/