Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаудағы тайғақ тас жолда бірнеше жол апаты болды

Опубликовано:

Жол апаты85
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше көлік апаты болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Дегенмен, департамент "Ақтау-Жаңаөзен" тас жолында "КамАЗ" маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай аударылып қалғанын жеткізді. Көлік жүргізушісі полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Сондай-ақ "Ақтау-Ақшұқыр" тас жолында көктайғақтан Toyota Hilux маркалы автокөлік жолдан шығып кеткен. Көлікті патрульдік полиция батальонының экипажы байқап қалып, көмекке барған. Жүргізуші зардап шекпеген.

Дегенмен маңғыстаулықтар әлеуметтік желіде аймақтағы трассаларда жол апаты бейнеленген бейнероликтерді жариялады.

Еске сала кетейік, Алматыда 12 қарашада қар жауғаннан кейін бір түнде 39 жол апаты болған.

Құқық қорғау органдары хабарланғандай, қалада бір кеште 39 жол апаты тіркелген, оның 9-ында зардап шеккендер бар. Тағы екі адам қайтыс болған.

Айта кетейік, елімізде ауа райы бұзылып, көктайғақ басталғаннан кейін жол апаты көбейді. Мәселен, 21 қарашада Павлодар облысында тас жолда болған апаттан екі көліктің жүргізушісі де қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886531-magystaudagy-tajgak-tas-zolda-birnese-zol-apaty-boldy/

pixel