RU

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Кеше, 25 қарашада коронавирус белгілері бар пневмония 168 қазақстандықтан анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020 telegram арнасы.

Өткен тәулікте 168 адамға коронавирус белгілері бар пневмония диагнозы қойылған. Аурудан 82 адамның жазылып шыққаны хабарланды. Бір тәулікте дерттен екі адам көз жұмған.

Ал денсаулық сақтау министрлігі telegram арнасының хабарлауынша, Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфециясынан 7 адам қайтыс болған.

11,5 мың қазақстандық ем қабылдауда, оның 710-ы кәмелет жасына толмаған. Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 210 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, елімізде өткен тәулікте 820 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 128 400 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан республикасы COVID-19 жұқтыру бойынша қауіпті аймаққа жақындап қалғанын жазған едік.

Бұл туралы "Medsupportkz" қоғамдық қорының жетекшісі, денсаулық сақтау саласындағы биологиялық ғылымдар мен коммуникациялар бойынша бакалавр әрі дәрігер Ботагөз Қаукенова онлайн-дәріс кезінде мәлімдеген.

Одан бөлек, Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен ұшып келген Ресей азаматы депортацияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886544-tken-tulikte-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniadan-9-adam-kajtys-boldy/