Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ COVID-19 вакцинаcын Тараз тұрғындарына сынауды жоспарлап отыр

Опубликовано:

екпе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Тараздағы емханалардың бірінің бас дәрігері ДДСҰ қалада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынау үшін еріктілерді іздеп жатқанын хабарлады. Ақ халаттының айтуынша, алғашқы болып өткендерге 200 мың теңгеден төлейді.

Жақында ғана ДДСҰ басшысы пандемияны жеңуге мүмкіндік барын айтты. Бұл мәлімдемеге вакциналардың соңғы жетістіктері негіз бола алады.

Осы ретте вакцинаның сынағына Тараз қаласының тұрғындары қатыса алады деген ақпарат пайда болды. Алғашқы өткендерге 200 мың теңгеден төлейтін көрінеді.

"Еуразия бірінші арнасының" тілшісі Тараздағы №6 емхананың бас дәрігері Дүйсенкүл Керімбаевамен тілдескен.

"Бұл өз еркімен, біз әрқайсысымен әңгімелесіп, вакцинаның әлі де жоқ екенін айтып, әзірге адамдарды дайындаймыз. Бізге 40 мың тұрғынға 100 адам шамасында деді.

Адам аяғы ауыр болмауы және созылмалы аурулары болмауы керек, жазда коронавируспен ауырмаған болуы керек", - дейді дәрігер.

Алайда қандай вакцина және сынақтың қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов өзінің Ғacebook парақшасында коронавирусқа қарсы екінші рет вакцина алғанын айтты.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 820 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 128 400 адамға жетті.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 қазақстандық қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886552-dds-covid-19-karsy-vakcinany-taraz-trgyndaryna-synaudy-zosparlap-otyr/

pixel