Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 қаңтардан бастап қазақстандықтардың саусақ іздерін алатыны рас па

Опубликовано:

Саусақ ізі+
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің ішкі істер министрлігі келесі жылы қазақстандықтардың саусақ іздерін міндетті түрде алу туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның ресми мәлімдемесі ІІМ баспасөз қызметінің telegram арнасында пайда болған.

ІІМ келер жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті түрде алынатын саусақ іздері туралы деректерді ескірген деп атады.

"Жарияланған сәттегі ақпарт шындыққа сәйкес келмейді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Министрліктің түсіндіруінше, ІІМ көші-қон қызметі комитетінің өкілімен сұхбат өткен айдың ортасында жазылған.

"Кейінірек бұл процедураны енгізуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды", - деді министрлік.

Ведомствоның баспасөз қызметі кейінірек толық ақпарат беруге уәде берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін көшеде маскасыз жүргендерді суретке түсіріп, айыппұл салады деген жалған ақпарат тараған болатын.

Алайда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айыппұл салудың мұндай схемасы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ желіде ас содасының көмегімен коронавирустың алдын алу және емдеуге болатыны туралы хабарламалар таралды.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор-трансплантолог, КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы Геннадий Юдин натрий гидрокарбонатпен ингаляция жасауды ұсынады. Алайда мамандар бұл әдіс шын мәнінде денсаулыққа қауіпті екенін және коронавирусты емдейтіні шындыққа жанаспайтынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886572-1-katardan-bastap-kazakstandyktardy-sausak-izderin-alatyny-ras-pa/

pixel