Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қыз ұзатуға жиналған 100-ге жуық қонақты полиция үйлеріне қайтарды

Опубликовано:

Дастархан
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан «777 (7 бочек)» мейрамханасында қыз ұзату тойы ұйымдастырылған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараға шақырылмай кіріп барған тәртіп сақшылары жиында 100-ге жуық адамның болғанын анықтаған.

Полицейлер аталған жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттар санитариялық-эпедемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талабына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырады.

Айта кетейік, карантин режимі енгізілгелі бері Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы құрылған мобильді топ жалпы 910 құқықбұзушылықты анықтаған.

Еске салсақ, учаскелік полиция инспекторы сағат 13:00 шамасында Мақтаарал ауданы, Атакент ауылының көшелерінде орналасқан тойханалардың бірінде той жасалып жатқандығын анықтады.

Нәтижесінде той тоқтатылып, той иесіне және тойхананың әкімшілік қызметкеріне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша хаттама толтырылған. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында карантин талабын орындамаған 270 азамат анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886583-symkentte-kyz-zatuga-zinalgan-100-ge-zuyk-konakty-policia-jlerine-kajtardy/

pixel