Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Дәрігерлер шекарадан өтуге қажетті анықтаманы қолдан жасап сатқан

Опубликовано:

Жалған анықтамалар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті карантин уақытында ел аумағына заңсыз кіру-шығу арнасын тоқтатқанын мәлімдеді. Дәрігерлердің шекара асуға қажетті анықтаманы қолдан жасап сатқаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздің комитенінің ШҚО бойынша департаменті «Ж» жеке медициналық орталығының Қазақстан шекарасын өтуге қолданылатын жалған дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындыларын заңсыз сату бойынша қызметін тоқтатты.

"18 қыркүйекте жедел-іздестіру шараларын іске асыру барысында, жалған ДКК қорытындысын сатып алу арқылы аталған медициналық орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеті расталды. Жедел-тергеу шаралардың нәтижесінде алдында берілген 200 жуық ДКК қорытындылары, дәрігерлердің қолы мен таңбалары қойылған толтырылмаған бланкілер, таңбалар және компьютерлік техника табылып, тәркіленіп алынды. Куәгерлерден жауап алу нәтижесінде ДКК қорытындыларының түпнұсқалары алынып, сәйкес экспертизаға жолданды" , - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, медициналық орталықтың директор орынбасары мен бас дәрігері 5 мың теңге ақшалай сыйақы үшін жалған ДКК қорытындыларын тұлғаларға сатып отырған.

Сонымен қатар, шетел медициналық мекемесінен шақыру қажет болған жағдайда, қызмет бағасы 10 мың теңгеге бағаланыпты.

Жалған анықтамалар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Аталған факт бойынша ҚР ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен ҚР ҚҚ 385 бабы 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу шаралары және жинақталған дәлелдемелер нәтижесінде күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Нәтижесінде, 2020 жылдың 19 қарашасында сотпен күдіктілер ҚР ҚҚ 385 бабы 2 тармағы бойынша кінәлі болып табылып, әрқайсысына 1000 МЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Жалған анықтамалар
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886588-kk-drigerler-sekaradan-tuge-kazetti-anyktamany-koldan-zasap-satkan/

pixel