Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марадонаның өлім себебі анықталды

Опубликовано:

Диего Марадона
Диего Марадона. Фото: Hector Vivas/Getty Images

Аутопсия футболшы Диего Марадонаның жедел жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсетті деп хабарлайды TN телеарнасы.

Медициналық қорытындыға сілтеме жасаған басылымның ақпарынша, 60 жастағы спортшы кеңейтілген кардиомиопатиямен (жүрек қуысы созылатын миокард ауруы – ред. ауырған. Жүрек жеткіліксіздігі салдарынан жедел өкпе ісінуі пайда болған.

Невролог Нельсон Кастроның сөзінше, Марадонада мұндай проблема бұрыннан болған. Футболшы ұйықтап жатқанда көз жұмған, азаптау белгілері жоқ.

"Бұл күтпеген өлім", -деді ол.

Еске салайық, аты күллі әлемге танымал футболшының қазасы туралы аргентиналық TN телеарнасы хабарлаған. 30 қазан күні ол соңғы рет туған күнін атап өтті. Clarin атты аргентиналық басылымның ақпаратынша, Марадона Буэнос-Айрестегі Тигре қаласында өз үйінде қайтыс болған.

Әлемдік футболы жұлдызының жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер қолынан келгенін бәрін істеген. Алайда, аңыз спортшының өмірін сақтап қала алмаған.

Аргентина президенті Альберто Фернандес Аргентина құрамасының бұрынғы капитаны Диего Марадонаның қазасынан кейін елде үш күндік аза тұту жариялады. Сонымен қатар ол өзінің жұмыс сапарларын тоқтатты.

"Марадона бүкіл әлем үшін Аргентинаның бейнесі болды, ол бізге үлкен қуаныш сыйлады, біз оған мәңгілік қарыздармыз", - деп келтіреді Фернандестің сөздерін ТАСС.

Бүкіл елде мемлекеттік тулар түсіріліп, ойын-сауықтар тоқтатылды. Теледидар арналары футбол жұлдызының өмірі, мансабы және жеңістері туралы әңгімелеуде. Аты аңызға айналған спортшының өлімі президенттің күнтізбесінде көрініс тапты. Ол Санта-Фе және Чако провинцияларындағы бейсенбі мен жұмаға жоспарлаған жұмыс сапарларын тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1886606-maradonany-lim-sebebi-anyktaldy/

pixel