Көліктегі жаңа бас санитар дәрігер тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: beta.egov.kz

Көліктегі жаңа бас санитар дәрігер болып Жанар Оразалина тағайындалды. Сонымен бірге ол осыған дейін басшылық еткен Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жетекшісі қызметін де қоса атқарады деп хабарлайды zakon.kz.

Жанар Оразалина Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтын дәрігер-гигиенист, эпидемиолог мамандығы бойынша, Каспий қоғамдық университетінің "Әділет" заң академиясын тәмәмдаған.

Еңбек еткен жылдары ол Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының тамақ гигиенасы бойынша санитар дәрігері, Қапшағай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

Сонымен қатар Оразалина Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы болған.

Осы қызметке тағайындалғанға дейін Көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Еске сала кетсек, бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер болған Сәдуақас Байғабыловтың жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік. Ол 20 қарашадан бастап Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Сонымен қатар Атырау облысында пандемия басталғалы бас санитар дәрігер жетінші рет ауысқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886668-kliktegi-bas-sanitar-driger-tagajyndaldy/