RU

Бұрқасын мен көктайғақ: 27 қараша күні елде ауа райы қандай болмақ

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарладыдеп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі. Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады. Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады. Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

Айта кетейік, Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886731-brkasyn-men-kktajgak-27-karasa-kni-elde-aua-rajy-kandaj-bolmak/