RU

Солтүстік Қазақстан облысында күйеуі әйелін аяқ-қолы сынғанша сабаған

Фото
Фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жоспарлы тексеріс барысында бірнеше жыл бойы күйеуінен зорлық-зомбылық көріп келген әйелді анықтады. Ол өз құқығын қорғау үшін тиісті органға шағымдануға да қорыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірдің полиция полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомстов таратқан ақпаратқа сәйкес, Мамлют ауданындағы елді мекендердің бірінде полиция қызметкерлері жуырда басқа өңірден көшіп келген жанұяны тексерген.

Үйде үш баласымен 35 жастағы әйелі болған. Әйелдің денесінде азаптаудың белгілері айқын көрініп тұрыпты.

Алғашында ол жарақаттарын сәтсіз құлаудың салдарынан болғанын айтуға тырысқан, бірақ жергілікті тәртіп сақшыларымен сөйлесе келе ол күйеуінің жұдырығынан жиі зардап шегетінін мойындады.

Кезекті соққының бірінде қол-аяғы сынғанын да жасырмаған.

Ол күйеуінің үстінен полицияға арыз жазуға батылым бармады, дейді. Қазіргі уақытта әйел балаларымен, ең кішісі алты айлық сәбиімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының баспанасын паналап жатыр.

Өңірдің полиция қызметінің мәліметінше, 44 жастағы күйеуіне қарсы қорғау ұйғарымы шығарылды – келесі алты айда оған әйелімен кездесуге және оны қудалауға тыйым салынған. Сонымен қатар, ол кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Жанұяның есепке қойылғаны да айтылды.

Фото
Фото: СҚО ПД
"Біз осы шаралардың жеткілікті екендігіне және ер адамның түзу жолға түсетініне сенімдіміз. Жанұя-тұрмыстық қатынас саласындағы жасырын мінез-құлық оларды алдын алуда қиындық туғызады. Әйелдер өз құқықтарын білмей, көбіне отбасындағы агрессормен татуласады. Сол себепті ақпараттық-түсіндіру жұмысына көп маңыз бөлуге тура келеді", - дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының аға инспекторы полиция майоры Әсия Әбжанова.
Фото
Фото: СҚО ПД

Еске сала кетсек, осыған дейін Өзбекстанда 10 жыл құлдықта болған алматылық келіншек жанайқайын айтқан болатын.

Сонымен қатар, елімізге "кіре алмай" жүрген шымкенттік Қазақстандағы балаларын сағынғанын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886787-soltstik-kazakstan-oblysynda-kjeui-jelin-aak-koly-syngansa-sabagan/