Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылары бар көлік Үлкен Алматы каналына құлап кетті (фото)

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Үлкен Алматы каналына жолаушылары бар көлік түсіп кетті. Апат салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - олардың екеуі де ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Zakon.kz.

Томирис шағынауданында 26 қарашада оқыс оқиға болды. Басылымның хабарлауынша, Renault Logan шығысқа қарай бет алған. Содан кейін күтпеген жерден Honda Odyssey жолдың қарсы бағытына шығып кетеді.

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Француз көлігінің жүргізушісі рульді бұрып, соқтығысудан қашпақ болғанымен, Honda оған қарай қозғалысын тоқтатпаған. Қатты соқтығыс салдаранын Renault Үлкен Алматы каналына құлап кетті. Көлік аударылып, шатырға құлап түскен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы жарақат алды - екеуі де ауруханаға жатқызылған. Туыстарының айтуынша, жарақат алғандардың жағдайы тұрақты.

Жол апаты
Фото: Zakon.kz

Жапондық көлік иесі, қолда бар мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен. Оқиға орнына криминалист пен полиция қызметкерлері келді. Олар саусақ іздерін алып, сот-медициналық сараптамаға тапсырыс берді. Тәртіп сақшылары апаттың барлық мән-жайларын анықтауда. Эвакуатор бүлінген машинаны алып кетті.

Еске салсақ, Алматыда автобустың қатысуымен жаппай жол апаты болғанын жазған едік. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апаты жүргізушілердің бірі есінен танып қалғаннан кейін болған.

Одан бөлек, Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше көлік апаты орын алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1886792-zolausylary-bar-klik-lken-almaty-kanalyna-klap-ketti-foto/

pixel