RU

Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есеге өскен

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайды қиындап барады. Бұл туралы бүгін қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматыда коронавирус ауруының өсуі қазан айында басталды. Бұл айда 366 науқас тіркелген болатын, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда 2,2 есе жоғары (165 жағдай). Ал қыркүйекпен салыстырғанда қарашада ауру 7 есеге өсті", - деді бас санитарлық дәрігер.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Алматыда коронавирустың өсу қарқынының эпидемиологиялық жағдайы қиындап барады. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26 қазандағы №64 және 9 қарашадағы №65 қаулысымен салынған шектеуі жалғастып келеді.

"Жыл басынан бері аумақта коронавирус инфекциясының 15 876 жағдайы және 1 140 этиологиясы анықталмаған пневмония тіркелді, бұл сары аймақтан шығуға мүмкіндік берді", - деді ол.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 813 адам тіркелген. Соның ішіндегі 74 дерек Алматы қаласында тіркелген.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 129 213-ке жетіп отыр.

Айта кетейік, Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты. Тиісті құжат 28 қараша сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886870-almatyda-koronavirus-zktyru-krsetkisi-7-esege-sken/