RU

Талдықорғандағы газ жарылысы: Ауруханада жатқан 4 науқастың жағдайы ауыр

Жарылыс
Фото: Алматы облысы ТЖД

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллон жарылысынан жарылысынан зардап шеккен 4 науқасқа санавиация арқылы Алматыдан арнайы маман жеткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханада жатқан 4 пациенттің жағдайы өте ауыр. Ауруханаға түскен сәттен бастап дәрігерлермен 4 консилиум өткізілді. Республикалық санавиация арқылы Алматыдан жетекші травматолог-комбустиолог келді.

Барлық медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық техникамен қаматамсыз етілген", - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Еске сала кетсек, 27 қарашада Талдықорғанда газ баллоны жарылған еді. Салдарынан 8 адамнан тұратын отбасы, оның ішінде 3 бала зардап шеккен.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның жай-жапсарын хабарлады.

"Жарылыс сыйымдылығы 5 литрлік газ баллонынан болды, содан кейін үй тұтанусыз, жартылай құлады. Оқиғаға алдын ала себеп - пеш жабдықтарының жанында қалған тұрмыстық газ баллонына ұқыпсыз қарау", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 8 жедел жәрдем бригадасы, 8 арнайы техника, ТЖД қызметкерлері, полиция қызметкерлері, газ қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Айта кетейік, 21 қарашада елорда кафелердің бірінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886878-taldykorgandagy-gaz-zarylysy-auruhanada-zatkan-4-naukasty-zagdajy-auyr/