Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекшин 55 млн теңге көлеміндегі заң бұзушылықтар туралы ақпаратқа жауап берді

Опубликовано:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: ОКҚ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде 55 миллион теңге көлеміндегі заң бұзушылықтар болғаны туралы ақпаратқа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекшиннің сөзінше, Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеру жүргізіп, ол 30 қыркүйекте аяқталған. Тексеріс кезінде 55 млн теңгеден астам бұзушылықтар анықталған.

"51 миллион теңгеден астам қаражат (55 млн теңге - ред.) – бұл процедуралық сипаттағы іс. Ол бюджетке қайтарылмайды. Яғни, мұның бәрі салық, зейнетақы, әлеуметтік аударымдар және т.б. үстемақылардан ұсталуы тиіс қаражат. Ұсталынып қалған қаражаттың бәрі тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету комитетінің нұсқаулық хаты негізінде жүргізілді", - деді Бекшин.

Ал қалған 4 миллион теңге еңбекке жарамсыздық парағын әкелген қызметкерлерге төленген. Ал бұл сома қайтарылады.

"Комиссия департамент бойынша талдау және тексеру жүргізген кезде ешқандай ұрлық анықталған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион емес, үй карантинінде жатқан адамдарға 4 миллион теңге төленген. Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін", - деді Бекшин.

Айтуынша, тексеріс барысында ведомствоға ескерту жасалды.

Еске сала кетсек, Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7 есеге өскенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886900-beksin-55-mln-tege-klemindegi-za-bzusylyktar-turaly-akparatka-zauap-berdi/

pixel