RU

Министр елде желтоқсан - қаңтар айында карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтты

Көшеде адамдар келе жатыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен онлайн брифингте елде коронавирус бойынша экпидемиологиялық жағдайдың "нашарлау үрдісі бар екенін" мәлімдеді. Қазақстанда желтоқсан - қаңтар айында карантин енгізілуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі сценарийге қарап отырып, желтоқсан-қаңтар айында карантин шараларын күшейту мүмкіндігін көріп отырмыз. Барлығы жағдайды қалай басқаратынымызға байланысты болмақ.

Қазіргі уақытта ауру өршіген өңірлерде қайта бәсеңдеу байқалады. Мәселен, ШҚО қазір қалыпқа келтіру, тіпті, төмендеу сатысына шықты. Жағдайды бақылауда ұстаймыз, дегенмен өсу бар. Бастысы, басқара алсақ болды. Қазір уайымдаудың қажеті жоқ, бәрі бақылауда",- деді министр.

Ол 27 қарашада республика "сары" аймақта немесе орташа қауіпті аймақта екенін, алайда аурудың эпидемиялық жағдайы "нашарлай түсу үрдісі бар екенін" жеткізді.

Бүгінде елде қатаң шектеу шаралары енгізілген бес өңір- ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары "қызыл" аймақта. Соңғы үш облыс "қызыл" аймаққа "сары" аймақтан ауысты. Ал "сары" аймақта Алматы қаласы бар. Қалған өңірлер- "жасыл" аймақ.

"Қарашада қазан айымен салыстырғанда республикада "қызыл" аймақта орналасқан 5 өңірде коронавирус жұқтырудың 3,7 есе өсуі байқалады, онда республика бойынша барлық жағдайлардың 70% - ы тіркелген", -деді Цой.

Айта кетейік, осыған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда оқушылардың коронавирусты қалай жұқтырып жатқанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886907-ministr-elde-zeltoksan---katar-ajynda-karantin-ksejtilui-mmkin-ekenin-ajtty/