RU

Алексей Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы демалыс және мереке күндері азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы эпидемологиялық жағдайдың қалай болатыны әрбір азаматқа байланысты екенін ескертіп, еліміздің әрбір тұрғынынан маска тағып тағып, арақашықтықты сақтауды өтінді.

"Ұзақ демалыс, жаңа жылдық мейрамдар жақындап келе жатқанын ескеріп, сіздерді вирустың алдын алу шараларын сақтауға шақырамын", - деді ол.

Алексей Цой көпшілік жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шаралар өткізбеуге және суық тиіп қалудан сақтануға кеңес берді.

Ал осыған дейін денсаулық сақтау министрі елде желтоқсан - қаңтар айында карантин күшейтілуі мүмкін екенін айтқан еді.

"Қазіргі сценарийге қарап отырып, желтоқсан-қаңтар айында карантин шараларын күшейту мүмкіндігін көріп отырмыз. Барлығы жағдайды қалай басқаратынымызға байланысты болмақ. Қазіргі уақытта ауру өршіген өңірлерде қайта бәсеңдеу байқалады. Мәселен, ШҚО қазір қалыпқа келтіру, тіпті, төмендеу сатысына шықты. Жағдайды бақылауда ұстаймыз, дегенмен өсу бар. Бастысы, басқара алсақ болды. Қазір уайымдаудың қажеті жоқ, бәрі бақылауда",- деді министр.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 813 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 129 213-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886917-aleksej-coj-aldagy-mereke-knderine-bajlanysty-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/