RU

Карантин кезінде жұмыс істеген алматылық дәрігер 7,7 млн теңге табыс тапқан

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ өткен онлайн-брифингте коронавирус жұқтыру қаупі басым жерлерде жұмыс істейтін дәрігерлердің жалақысы туралы айтты. Ол COVID-19 жұқтырған медқызметкерлерге берілетін төлемнің тоқтағанын, алайда эпидемия ошағындағыларға берілетін үстемақының сақталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"20 қазанда коронавирус инфекциясына байланысты дәрігерлерге берілетін төлемдер тоқтатылды, көптеген медицина қызметкерлері бұған наразы. Қайтадан төлене ме?", - деп брифингте министрге сұрақ қойылды.

Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы дәрігерлерді қолдау шаралары бұрын-соңды болмаған деп жауап берді. "Ынталандыру төлемдері" эпидемия кезінде 84,6 млрд теңгені құраған.

Мысалы, Алматыдағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері карантин кезінде 7,7 миллион теңге, сол аурухананың медбикесі 7 миллион теңге табыс тапқан.

"Инфекцияның қауіпті аймақтарында жұмыс жасайтын дәрігердің негізгі жалақысына қазір айына 200-ден 850 мың теңгеге дейін қосылады. Мысал ретінде, Алматы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерінің негізгі жалақысы 250 теңге, жақсы жалақы. Әрине, сондай көп емес, бірақ ел бойынша ең төменгі жалақы емес.

Наурыздан қыркүйекке дейінгі кезеңде дәрігер қосымша 1,7 миллион теңге және тағы 850 мың теңге ай сайынғы қосымша жәрдемақы алды. Яғни, оның осы кезеңдегі жалақысы 7,7 млн ​​теңгені құрады - бұл қауіпті аймақтардағы жұмыс үшін төленеді. Айына орта есеппен алғанда 1,1 млн теңге көлемінде", - деді Цой.

Дәл сол аурухананың 153 мың теңге жалақы алатын медбикесі де қосымша ақылардың арқасында карантин кезінде 7 млн теңге алған.

Алексей Цой қауіпті аймақтарда жұмыс істейтіндерге қосымша төлем жалғасатынын атап өтті. Өйткені бұл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы демалыс және мереке күндері азаматтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886927-karantin-kezinde-zmys-istegen-almatylyk-driger-77-mln-tege-tabys-tapkan/