Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы бір ауылға блок-бекет қойылады

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блок-бекеттер қойылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы бір аптада бұл ауылда коронавирус жұқтырудың 21 жағдайы тіркелген. Шонжыға енді тек ауылда тіркелген тұрғындар, осында жұмыс істейтіндер мен маңызды қызметтердің өкілдері ғана кіре алады.

Блок-бекеттерде тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын тексеріп, тіркеп отырады.

Аудан аумағындағы туристік нысандар барлық санитарлық талаптармен жұмысын жалғастыра бермек.

Еске сала кетсек, 13 қарашада Павлодарда төрт адам блок-бекеттен заңсыз өтпек болғанын жазған едік.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Азамат Садықов блок-бекет пен санитарлық бекеттің айырмашылығын айтып берген болатын.

Бұл туралы Азамат Салықов Youtube желісіндегі Желмая жобасында айтып берді.

Оның сөзінше, санитарлық бекет белгілі бір аймақта инфекция мен қауіпті ауру тараған кезде қойылады, яғни эпидемиологиялық қауіпсіздікпен байланысты.

Тіпті бір облыстың шағын ауылының өзіне қойыла береді, дейді Азамат Салықов.

"Алайда ол көбінесе шектеу шараларан көздейді. Демек, санитарлық дәрігерлердің қаулысы негізінде эпидемиологиялық жағдайды ушықтармайтын факторлар анықталап, кіріп-шығу рұқсат етіледі.

Ал блок-бекет қойылғанда қоршауда қалған аймаққа мүлдем кіріп-шығуға тыйым салынады, қарулы күштер тартылады", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886936-almaty-oblysyndagy-bir-auylga-blok-beket-kojylady/

pixel