RU

Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлау ісі: Бөлім командирі 10 жылға сотталды

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жыл басында қару-жарақ алып, әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметкерге қатысты атышулы процесс аяқталды. Әскери бөлім командиріне үкім оқылды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна дерегінше, қару ұрланған әскери бөлім командирі Ержан Дәуітов 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот айыпталушының пара алу және немқұрайлылық бойынша кінәсі дәлелденді деп санады.

Сот отырысында белгілі болғандай, бұрынғы әскери өзінің қызметтік жағдайын асыра пайдаланған. Сол кезде қызмет еткен мерзімді әскери қызметшілер оған қарсы куәлік берген. Олар командирді ұрып-соғып, бопсалады деп айыптады.

Сондай-ақ әскери қызметшілер командирге белгілі бір ақы төлеу арқылы еңбек демалысын, демалыс алыпғ тіпті лауазымын жоғарылататыны анықталды.

Алайда әскери үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсіретінін айтты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде атыс қаруының белгілі бір санының жетіспеушілігі анықталған.

Бұдан кейін аймақта әскериді "Ұстау" операциясы жарияланды.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Айта кетейік, істің басты айыпталушысы Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886943-symkentte-skeri-blimnen-karu-rlau-isi-blim-komandiri-10-zylga-sottaldy/