Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы тағы бір отандық вакцина ерікті жандарға егілмек

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеулерден өтті деп хабарлайды "Хабар 24".

QazCoVac-P деп аталатын отандық вакцина келесі кезеңде ерікті адамдарға егіліп, сынама жүргізу басталмақ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус дертіне қарсы қазақстандық төрт вакцинаны тіркеп отыр. Олар әзірге жалпы қолданысқа үміткерлер қатарында.

Төрт вакцинаның екеуін Қазақстанның биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институты жасап шығарған. Инактивті иммунды-биологиялық топқа жататын алғашқы вакцина бүгінде ерікті адамдарға егіліп, әсерлері зерттеліп жатыр. Енді міне, тағы бір вакцина клиникалық жағдайда сынамадан өтуге дайын болып отыр.

Жаңа вакцина суббірлікті препараттар тобына жатады. Мұның ерекшелігі – құрамында ауруды қоздырғыштар жоқ. Бұл оның қауіпсіздігін арттыра түседі. Сүттің қоюлығындай вакцина ағзаға бұлшықет арқылы егіледі.

Вакцинаны бір жарым ай бойы түрлі көрсеткіштер бойынша сынамадан өткізген мамандар екпенің қауіпсіздігі тексерілгенін, зерттеу барысында ешқандай жануарда ауытқу, өлім тіркелмегенін алға тартты.

Тышқандар, егеуқұйрық және теңіз шошқаларына егілген препараттың уыттылығы, аллергиялық, тітіркендіргіш әсерлері толық зерттелген екен.

"Жануарлардан қан сынамалары алынды, оның ішінде гемотологиялық, биохимиялық қан сынамалары. Осы барлық сынақтардың нәтижелерін қорытындылай келе, COVID-19 вирусына қарсы вакцинаны адамдарға қолдану қауіпсіз деген қорытындыға келіп, ары қарай клиникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады", - дейді фармакологиялық сынақтар зертханасының І санатты маманы Әнсая Ноғайбаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің шешімімен вакцинаға клиникалық жағдайда сынама жүргізіледі.

Гүлжан Көленқызы, Радик Жақыпов

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі қалада карантин күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте 826 адамның коронавирус дертін жұқтырғаны анықталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886976-koronaviruska-karsy-tagy-bir-otandyk-vakcina-erikti-zandarga-egilmek/

pixel