Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда зәулім үйдегі массаж салонында жезөкшелер қызмет көрсеткен (видео)

Опубликовано:

Жезөкшелер
Скриншот: Polisia.kz

Алматы қаласында зәулім үйде жұмыс істеген боди-массаж салоны әшкере болды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция тексерісті 27 қараша күні түнгі уақытта өткізген. Жұмыс орнында өзін массажист ретінде таныстырған 13 жеңіл жүрісті қыз және қызметкерлер арасында жұмыс көлемін бөлетін әкімші болды.

"Мұнда жұмыс істеген екі әйел Өзбекстаннан, қалғандары Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан келген қыздар болып табылады. Ұсталғандардың тек біреуі ғана жергілікті тұрғын.", - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Оның сөзіне сенсек, тексеру барысында зәулім үйде интимдік бизнес үшін барлық жағдай жасалғаны анықталған. Тіпті клиенттердің өтініштері бойынша мұнда сауна да жұмыс істеп келіпті.

Тәртіп сақшылары тексеріс жүргізген кезде зәулім үй адамдарға толы болған. Жезөкшелікпен айналысқан әйелдер де, олардың клиенттері де полицияға жеткізілді.

"Алдымен олардың заңсыз іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы арнайы есептер бойынша тексеріліп, кейін жауапкершілікке тартылды. Айтпақшы, зәулім үйдің иесі де анықталды. Оның іс-әрекеттері жезөкшелікпен айналысуға үй-жайларды ұсыну ретінде дәрежеленді", – деді Іңкәров.

Сондай-ақ полицейлер түнде өткізілген жедел іс-шаралар барысында тағы бес притон анықталғанына назар аударды, онда 14 әйел ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен, олардың үшеуі Өзбекстаннан, біреуі Қырғызстаннан келген.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында жезөкшелердің үш притоны жабылғанын жазған едік.

Одан бөлек, 18 қарашада Тараздағы сауықтыру кешенінен жезөкшелер притоны анықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886982-almatyda-zulim-jdegi-massaz-salonynda-zezkseler-kyzmet-krsetken-video/

pixel