Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде тағы 800-ден аса адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Бетперде3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 28 қарашада COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 826 адам тіркелген. Бүгінде ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 130 865-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 28 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай: Өткен тәулікте 826 адамда коронавирус індеті расталды", - делінген ресми хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 83

Алматы қаласы - 73

Шымкент қаласы - 6

Ақмола облысы - 86

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 33

Атырау облысы - 18

Шығыс Қазақстан облысы - 135

Жамбыл облысы - 14

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 25

Қостанай облысы - 85

Қызылорда облысы - 1

Павлодар облысы - 120

Солтүстік Қазақстан облысы - 105

Түркістан облысы - 2

Сонымен қатар өткен тәулікте елімізде 143 адам індеттен жазылған. Жалпы ел бойынша COVID-19-дан жазылғандар саны 116 187.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда COVID-19 жұқтырған бір пациентті емдеуге қанша ақша жұмсалатынын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеулерден өткенін хабарлаған едік.

QazCoVac-P деп аталатын отандық вакцина келесі кезеңде ерікті адамдарға егіліп, сынама жүргізу басталмақ.

Жаңа вакцина суббірлікті препараттар тобына жатады. Мұның ерекшелігі – құрамында ауруды қоздырғыштар жоқ. Бұл оның қауіпсіздігін арттыра түседі. Сүттің қоюлығындай вакцина ағзаға бұлшықет арқылы егіледі.

Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус дертіне қарсы қазақстандық төрт вакцинаны тіркеп отыр. Олар әзірге жалпы қолданысқа үміткерлер қатарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1886994-tken-tulikte-elimizde-tagy-800-den-asa-adam-koronavirus-zktyrgan/

pixel