RU

Елде бір тәулікте COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониядан 10 адам қайтыс болды

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте коронавируспен оның белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар жайлы статистиканы жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК telegram-арнасының хабарлауынша, өткен тәулікте елімізде COVID-19 белгілері бар пневмония тағы 164 адамнан анықталып, 3 адам қайтыс болған. 72 адам жазылып шыққан.

Жалпы 1 тамызынан бері Қазақстанда аталмыш диагноз 42 104 адамға қойылып, 443 науқас көз жұмған. 30 494 адам сауығып шыққан.

Сонымен қатар 28 қарашада коронавирустан 7 науқас қайтыс болған. 143 адам індеттен жазылып шықса, тағы 826 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған.

Қазіргі уақытта коронавирустан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас, амбулаториялық жағдайда 9 259 адам емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның халі нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда COVID-19 жұқтырған бір пациентті емдеуге қанша ақша жұмсалатынын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеулерден өткенін хабарлаған едік.

QazCoVac-P деп аталатын отандық вакцина келесі кезеңде ерікті адамдарға егіліп, сынама жүргізу басталмақ.

Жаңа вакцина суббірлікті препараттар тобына жатады. Мұның ерекшелігі – құрамында ауруды қоздырғыштар жоқ. Бұл оның қауіпсіздігін арттыра түседі. Сүттің қоюлығындай вакцина ағзаға бұлшықет арқылы егіледі.

Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус дертіне қарсы қазақстандық төрт вакцинаны тіркеп отыр. Олар әзірге жалпы қолданысқа үміткерлер қатарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887002-bir-tulikte-covid-19-ben-ony-belgileri-bar-pnevmoniadan-10-adam-kajtys-bolgan/