RU

Қырғызстанда орыс тілінің ресми мәртебесін алып тастауды ұсынылды

Қырғызстан1
Көрнекі фото: Valery Sharifulin\TASS via Getty Images

Қырғызстанда Конституция кеңесінің мүшесі Садирдин Торалиев кеңестің 26 қараша күнгі отырысында Конституциядан орыс тілі - ресми тіл деген норманы алып тастауды ұсынды деп жазады Азаттық.

"Неғұрлым көп тіл білген сайын, соғұрлым жақсы ғой. Орыс тілі арқылы көп нәрсеге қол жеткіздік. Бірақ біз бөлек заң қабылдап, шет тілдерін дамытуымыз керек. Ал Конституцияда тек қырғыз тілінің статусы ғана жазылуы тиіс", - деді Торалиев.

Оның сөзіне қарағанда, егер қажеттілік болмаса, азаматтар ана тілін үйренбейді.

"Орыс тіліне әбден үйреніп қалдық, оның жанында байланған ит сияқты отырмыз. Бұлай болмауы тиіс. Тілімізді жоғалтып алуымыз мүмкін. Адам табиғаты сондай: егер оны мәжбүрлемесең, ештеңе үйренбейді", - деген Торалиевтің сөзінен АКИпресс агенттігі үзінді келтірген.

Қырғызстан Конституциясы бойынша орыс тілі ресми статусқа ие.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 63 адам өтініш бергенін жазған едік.

63 кандидаттың арасында сегіз әйел мен 55 ер адам бар. Олардың қатарында жұмыссыздар да, мемлекеттік қызметкерлер де, қоғам белсенділері мен бұрынғы және қазіргі шенеуніктер де бар.

Үміткерлер сай­лауға түсу үшін 3 желтоқсанға дейін 1 млн сом төлеп, 30 мың қол жинауы тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан коронавируспен күресу үшін Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Оның ішінде өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық бетперде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887005-kyrgyzstanda-orys-tilini-resmi-mrtebesin-alyp-tastaudy-synyldy/