Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ҰҚК қызметкерлері елікті заңсыз атқан браконьерлерді ұстады (видео)

Опубликовано:

Елік
Кадр: instagram.com/shekaraknbkz

27 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жасағы "Жамбыл" шекара бөлімшесінің учаскесінде елікті заңсыз атумен айналысқан бір топ адамды ұстаған. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, анықталғандай 24 қараша күні ер адам өзінің достарын Ақтөбе қаласының тұрғындарын аң аулауға шақырған. Аталған адамдар тобы 3 автокөлікпен 6 елікті атқан.

Көлікті тексеру кезінде елік ұшасы мен 8 қару табылды. Ұсталғандар тиісті шешім қабылдау үшін Әйтеке би аудандық полиция бөлімшесіне тапсырылған.

Сонымен қатар ведомство Қазақстанда небәрі 18-20 мың елік барын, оларды аулау тек лицензия бойынша жүргізілетінін еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балқаш көлінен 650 келі балық аулаған Балқаш ауданы Қарой ауылының 52 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлаған едік.

Аталмыш факті ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар Жамбыл ауданы Үлкен кентінің 36 жастағы тұрғынынан заңсыз ауланған 79 келі балық тәркіленген болатын.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында жергілікті тұрғынның ауласында мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз тұрған мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі, ас үй бөлмесіндегі қол жуғыштың астынан салмағы 5 келі киік еті бар полиэтилен пакет табылған болатын.

Бұл факт бойынша да қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887022-aktbe-oblysynda-kk-kyzmetkerleri-elikti-zasyz-atkan-brakonerlerdi-stady-video/

pixel