RU

Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланды

Қар құрсауында
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 30 қараша арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбіде кей өңірлерде қатты жел тұрып, боран және тұман болуы ықтимал.

Осы орайда еліміздің алты аймағында дауылдық ескерту жарияланды.

Мәселен 30 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ақтау қаласында да 30 қарашада түнде шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с дейін жетуі ықтимал.

30 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар 30 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

30 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

30 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде де тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

29-30 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Тараз қаласында 29-30 қарашада кей уақытта тұман түседі.

Айта кетейік, бұған дейін ауа райының күрт бұзылуына байланысты Жамбыл облысында 100-ге жуық көліктің қар құрсауында қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше жол апаты болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887042-kazakstanny-birnese-oblysynda-dauyldyk-eskertu-zarialandy/