RU

Бір тәулікте тағы 794 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 794 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

Елімізде өткен тәулікте 794 қазақстандықта коронавирус індеті ПТР-тесті арқылы расталған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 54

Алматы қаласы - 70

Шымкент қаласы - 4

Ақмола облысы - 91

Ақтөбе облысы - 3

Алматы облысы - 32

Атырау облысы - 17

Шығыс Қазақстан облысы - 125

Жамбыл облысы - 11

Батыс Қазақстан облысы - 44

Қарағанды облысы - 25

Қостанай облысы - 87

Маңғыстау облысы - 1

Павлодар облысы - 121

Солтүстік Қазақстан облысы - 108

Түркістан облысы - 1

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 131 659-ға жетті.

Еске сала кетейік, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес өңірде қатаң карантин шаралары 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Сонымен бірге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантиннің күшейтілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қала басшысы санитарлық ережелерді қааң сақтауға шақырды. Әкімнің сөзінше, егер жағдай күрделенсе, онда режим күшейтіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілген еді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блок-бекеттер қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887059-bir-tulikte-794-kazakstandyk-koronavirus-zktyryp-algan/