Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"39 градустан асып кетті": Қарашада Сиднейде аптап ыстық болуда

Опубликовано:

Сидней
Скриншот: euronews.com

Сиднейде қарашадағы ең ыстық түн тіркелді. Екі күн бойы қалада ауа температурасы 39 градустан түспеген деп хабарлайды euronews.com.

Австралияда аптап ыстық болуда. Жаңа Оңтүстік Уэльс, Оңтүстік Австралия штаттарында және Виктория штатының солтүстігінде ауа температурасы Цельсий шкаласы бойынша плюс 45 градусқа жеткен.

Бірқатар өңірлерде от жағуға толықтай тыйым салынған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында ондаған дала өрті тіркелген. Штат шенеуніктері тұрғындарды сабырлы болуға және сақ болуға шақырып отыр.

"Өкінішке қарай, адамдар өткен маусымнан кейін бізде дала өртінің қаупі жоқ деп ойлайды. Шындық келесідегідей - штаттың 90%-ы бұл апаттан зардап шеккен жоқ. Алайда, бұл Жаңа Оңтүстік Уэльстің 90%-ына былтыр болған орман өрттерінің қаупі қайта төніп тұрғанын білдіреді", - дейді аталмыш штаттың полицейі Дэвид Эллиотт.

Табиғи өрттер Сиднейдің маңындағы үйлерге қауіп төндіруде. Қалада аптап ыстықтың рекордтық деңгейі тіркеліп отыр. 28 қараша метеорологияны бақылау тарихындағы ең ыстық қараша түні болды.

Екі күн қатарынан Сиднейдегі ауа температурасы 39 градустан асқан. Бұндай жағдай 1960 жылдан бері болмаған. Метеорологтар ыстық ауа райы тағы бірнеше күнге созылады деп болжайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бірнеше облысында дауылдық ескерту жарияланғанын жазған едік.

Одан бөлек, Еуропа елдерінде карантиндік шаралар жеңілдей бастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887061-39-gradustan-asyp-ketti-karasada-sidnejde-aptap-ystyk-boluda/

pixel