Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық азамат қуыршаққа үйленіп, аста-төк той жасады (фото, видео)

Опубликовано:

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Қуыршаққа коронавирус салдарынан үйлене алмай келген қазақстандық бодибилдер ақыры аста-төк үйлену тойын жасады. Ол қуыршақты жары етуді бұрыннан армандап келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қазақстандық бодибилдер Юрий Толочко осы күнге дейін коронавирус салдарынан қуыршақпен үйлену тойын кейінге шегеруге мәжбүр болып келген.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Юрий қуыршақпен қарым-қатынасы туралы алғаш рет 2019 жылдың мамырында жұртқа жария еткен болатын.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Ер адам Толочко Марго есімді қуыршақтың жеке Instagram парақшасын жүргізіп, онда тойға дайындық сәтімен бөлісіп отырған еді.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Бүгінде бодибилдер уәдесінде тұрып, аста-төк үйлену тойын жасаған.

Юрий өз Instagram парақшасында тойдың суреттері мен видеосын жария еткен.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Суреттерден жігіттің жақындары мен достары тойға келіп, "жас жұбайлардың" қуанышына ортақтасқанын байқауға болады.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Суреттерді көрген желі қолданушылары той иелеріне құттықтауларын жаудырды.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

"Құтты болсын. Керемет жұпсыңдар. Зор денсаулық пен сәттілік тілеймін", "Ғажайып, әдемі әрі романтикаға толы", "Мен де сен секілді өзіме әйел сатып алып, үйленгім келеді", "Керемет балаларың болсын", "Қалыңдықтың туыстары қайда", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Той
Фото: yurii_tolochko / Instagram

Еске салсақ, бұған дейін COVID-19 салдарынан қуыршаққа үйлене алмаған қазақстандық Юрий Толочконың шетел назарына іліккен жазған едік.

Одан бөлек, ұшаққа құлай ғашық болған германиялық әйел оған тұрмысқа шығатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887116-kazakstandyk-azamat-kuyrsakka-jlenip-asta-tk-toj-zasady-foto-video/

pixel