Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 30 адам қар құрсауында қалып қойған (видео)

Опубликовано:

Қар құрсауында қалған көліктер
Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысындағы тас жолда 30 қараша күні түнде 10 көлік қар құрсауында қалды. Өңірлік ТЖД хабарлауынша, 30 адам құтқарылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның дерегінше, 30 қарашада сағат 02:37-де кезекші бөлімге Ақсу ауданы, "Алматы-Өскемен-Қапал Арасан шипажайы" тас жолының 19 шақырымында, Көшкентал ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөліктердің қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына шығып, автожолды тазартқаннан кейін 10 көлік әрі қарай қозғалған.

Көліктерде екі баланы қоса алғанда 30 адамның болғаны анықталды. Оларға медициналық көмек керек болмаған.

Бүгін сағат 9:30-дан бастап бұрқасын болып, жол нашар көрінетіндіктен бұл бағыттағы қозғалыс (0 шақырымнан 45 шақырымға дейін) барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылуына байланысты 100-ге жуық жүк көлігі қар құрсауында қалғанын жазған едік.

Кейін ТЖ өкілдері жолды тазартқан соң көліктер қозғалысын жалғастырған.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар тас жолдарда бірнеше жол апаты болған еді.

Өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының көбі тіркелмеген. Себебі жүргізушілер полицияға немесе медициналық мекемелерге жүгінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887126-almaty-oblysynda-30-adam-kar-krsauynda-kalyp-ketken-video/

pixel