Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марадонаның орнына Мадоннаны өлдіге санап, онымен қоштасқандар ұятқа қалды (фото)

Опубликовано:

Мадонна
Фото: film.ru

25 қараша күні сәрсенбіде Марадонаның қазасы әлем жұртшылығының қабырғасын қайыстырған болатын. Алайда асығыстық танытқан кей АҚШ тұрғындары Мадоннаны өлдіге санап, әншімен қош айтыса бастаған деп жазады kurs.com.ua.

Америкалықтар аты аңызға айналған футболшының есімін танымал эстрада әншісі Мадоннамен шатастырып алған.

Мадонна
kurs.com.ua: kurs.com.ua

25 қараша, сәрсенбіде футбол жанкүйерлері әйгілі Диего Марадонаның қазасы туралы қайғылы хабарды естіп, онымен қоштаса бастаған болатын. 60 жастағы бұрынғы футболшыны 26 қарашада жер қойнына берілген еді.

Алайда, бұл хабарды дұрыс түсінбегендер де табылды. АҚШ тұрғындарының бірқатары футболшыны әйгілі америкалық поп-әнші Мадоннамен шатастырып алған. Twitter әлеуметтік желісінде Мадоннаның "қазасына" көңіл айтып, қайғырған жандардың көптеген хабарламалары пайда бола бастаған.

Мадонна
Скриншот: kurs.com.ua

62 жастағы әншіні өлдіге санап қойғандар жаңылысқандарын түсінгенше, олардың жазбалары көпшіліктің назарын аударып үлгерген.

"2020 жыл бізден аңыз адамды алып кетті. Жаның жай тапсын, Мадонна - поп-музыканың ханшайымы. Біз сені сағынамыз", - деп жазған желі қолданушыларының бірі.

Бұл жалған ақпаратқа сеніп қалғандар жазба астында Мадоннаның қазасына қайғырып отырғандарын жазып, пікір қалдырған.

Әншінің өзі әзірге бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеді.

Мадонна
Скриншот: kurs.com.ua

Еске салсақ, бұған дейін Аргентинада Марадонаны ақтық сапарға шығарып салу кезінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1887135-maradonany-ornyna-madonnany-ldige-sanap-onymen-kostasa-bastagandar-atka-kaldy-foto/

pixel